USD
USD
USD

Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын 28 тамызға шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» жарлыққа қол қойды.

Халық Кеңесі
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады.

«Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген жарлық мәтінінде.

Жарлық қол қойылған күнінен, яғни 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Еске салсақ, 23 тамызда Қазақстанда бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. 25 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауында дауыс берудің түпкілікті қорытындыларын жариялады. Сайлау қорытындысы бойынша 71,17% дауыс жинаған «Әділет» партиясы жеңімпаз атанды. Бұл партияға 6 528 948 адам дауыс берген. 

Сайлау нәтижесінде Құрылтайда «Әділет» партиясы – 110, «Ауыл» – 10, Respublica – 9, ал ЖСДП мен «Ақ жол» партиялары 8 орыннан иеленді.

Сайлаушылар дауысының 5 пайыздық шегін жинай алмаған Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ» жасылдар партиясы Құрылтайға өтпеді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы