27 Қаңтар 17:40
...

Тоқаев Конституциялық комиссияның төрағасы Әзімованы қабылдады

Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Конституциялық комиссияның бұған дейін өткен отырыстарының нәтижесі туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Астана, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.

«Эльвира Әзімова Комиссия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық отырыс медиа кеңістікте, соның ішінде арнайы телеграмм арналары арқылы тікелей көрсетіліп жатқанын баяндады», – делінген хабарламада.

Конституциялық комиссия төрағасы жарты жыл бойы Конституциялық реформаларды қоғамдық талқылау өткізілгенін айтты. Электронды платформаға азаматтардан, құқықтанушы ғалымдардан, сарапшылардан, заңгерлерден, саяси партиялардан, үкіметтік емес ұйымдардан, кәсіптік және бизнес қауымдастықтардан 2 мыңнан аса ұсыныс пен бастама келіп түскен.

Осыған дейінгі отырыстарда Комиссия мүшелері Конституция преамбуласының түбегейлі жаңа редакциясын, бірқатар баптарды және бөлімдерді әзірлеп, қарастырды.

«Мемлекет басшысы алдағы Конституциялық реформа еліміздің дамуына тың серпін беретінін атап өтті», – делінген ресми ақпаратта.

Ал Комиссия жұмысы, Президенттің пікірінше, Конституциялық реформаларды іске асыруда өте маңызды рөл атқармақ.