USD
USD
USD

Тоқаев Конго жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсынды

Қазақстан Президенті Астана мен Браззавиль арасында мәдени-гуманитарлық байланыс орнату өте маңызды деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Конго жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсынғанын мәлімдеді Сонымен қатар екі ел халықаралық және аймақтық деңгейде тығыз қатынас орнатқанына және көптеген өзекті мәселеге қатысты ұстанымдары ортақ екеніне назар аударды.

Конго
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. – Жаһандық және өңірлік құрылымдар аясында ықпалдастығымыз дамып келеді. Қазіргі геосаяси жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Африка Одағы аясында өзара қолдау көрсету және консультациялар өткізу аса маңызды. Сонымен қатар біз жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке қатысты пікір алмастық. Қазір ең өзекті мәселенің бірі – климаттың өзгеруі. Біз осы қатермен бірге күресіп, тығыз жұмыс істеуге келістік. Мен Конго басшысының орман өсірудің және орманды қалпына келтірудің жаһандық онжылдығын жариялау туралы бастамасын қолдаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоның елімізге сапары тарихи маңызға ие екенін айтты.

– Бұл сапар Қазақстан мен Конгоның қарым-қатынастарына тың серпін береді деп санаймын. Сонымен қатар Орталық Азия мен Африка арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етері сөзсіз. Біз бір-бірімізді қолдап, табысқа бірге жететінімізге сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта