USD
USD
USD

Тоқаев Қонаев қаласында инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүріп жатқанын сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңірдің даму қарқыны жаман емес екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президенттің мәлімдеуінше, былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 5,4 пайызға өсіп, 6,7 триллион теңгеге жеткен. Қаңтар-сәуір айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш бойынша аймақ 5 орында тұр. Сондай-ақ жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.

«Алайда, бір олқылыққа назар аударғым келеді. Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр. "Баяғы жартас – сол жартас", қаланың келбеті – өзгеріссіз күйде.

Бұл қалада шұғыл түрде театр, стадион, әкімшілік ғимараттары мен мектептер салу керек. Онсыз Алматы облысы өз аяғына тұрып кете алмайды», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент облыс басшылығына осы өзекті мәселелерге баса назар аударуды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС