USD
USD
USD

Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны «Достық» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Чжан Сяо
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Әңгімелесу барысында Президент Қазақстан мен Қытайды ғасырларға ұласқан берік достық пен тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өзара сенім мен құрметке негізделген тиімді ынтымақтастықтың нығаюына екі тарап та үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстан мен Қытайдың ықпалдастығы қарқынды әрі сан қырлы сипат алғанын айтты. Екі ел арасында белсенді саяси диалог қалыптасты, сауда-экономикалық әріптестік өркендеді, мәдени байланыстар жанданды және білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалардың саны артты.

Қауіпсіздік саласында, әсіресе, «үш зұлым күшке» қарсы күрес бағытында тығыз ынтымақтастық орнаған. Бұдан бөлек, елдеріміздің БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК аясындағы, сондай-ақ «Орталық Азия – Қытай» форматындағы халықаралық байланыстары белсенді өрбіп келеді. Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Қытай тату көршілік қарым-қатынастың нағыз үлгісін көрсетіп отыр.

Өз кезегінде Қытай елшісі Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Бейжіңнің жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейіл екенін растады.

Мемлекет басшысы Чжан Сяоның қазақ-қытай достығын табысты дамытуға, мемлекетаралық байланыстарды тереңдетуге қосқан үлесін жоғары бағалап, II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. 

Қазір оқып жатыр

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Әмір Шайкежанов