USD
USD
USD

Тоқаев Қытай мен Еуропа арасында «алтын көпір» болатын жол құрылысын бастап берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын бастап берді, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президент «Бейнеу – Сексеуіл» бағытында 800 шақырымдық жолды Қытай мен Еуропаны жалғайтын «алтын көпір» деп атады. Оның айтуынша, бұл жоба Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау, Құрық порттарымен тікелей байланыстырады. Соның нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейін жүк тасымалдау ұзақтығы 1 мың шақырымға, ал жүк жеткізу мерзімі 3 тәулікке дейін қысқармақ.

«Халқымыздың таным-түсінігінде құдық қазу, көпір салу сауапты іс саналады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, біз игілігі баршаға ортақ, яғни өзіміз де, өзгелер де пайдасын көретін аса жауапты жұмысты бастап отырмыз. "Бейнеу – Сексеуіл" бағыты республикалық, аймақтық, құрлықтық деңгейдегі маңызды жол болары анық. Сондықтан бұл жолды "Арал-Каспий магистралі" деп атаған дұрыс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жалпы ұзақтығы 774 шақырым болатын «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» жолдарын кеңейту, түбегейлі жаңғырту жұмыстары басталғанын атап өтті. Президенттің сөзінше, бұл жолдарды отандық компаниялар салады. Құрылыс жұмыстарына 10 мыңнан астам жұмысшы тартылады. Жолдар толық салынып біткен соң жүк тасымалы 2,5 есе артып, жылына 13,2 миллион тоннаға жетеді.

«Бұл жобалар ел экономикасын өркендетуге, туризмді дамытуға тың серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Осындай жобалардың әрқайсысы тұтас Қазақстанның көлік жүйесімен үйлеседі. Бұған дейін негізінен солтүстіктен оңтүстікке тартылған көлік желілері енді шығыстан батысқа қарай бағытталған жаңа тармақтармен кеңейіп жатыр. Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желінің біріне айналдыру», – дейді Тоқаев.

Сөз соңында Президент бүгін бастау алған жол құрылысы жұмыстарын уақтылы, яғни 2029 жылдан кешіктірмей аяқтауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Санкт-Петербургте ғарышты игеруге арналған фотокөрме ашылды

Kazinform

Грузиядағы ірі МӨЗ ресейлік мұнайдан бас тартып, қазақстандық мұнайға көшуде

мұнай

Сайлау күні онлайн-сервистер жұмыс істейді

сайлау

Астанадағы танымал мейрамхана дауына қатысты полиция мәлімдеме жасады

мейрамхана