USD
USD
USD

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Заң
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

«Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр, ал жарақат алған адамдардың сауығып кетуіне тілектестік білдірді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 4 мамырда Қытайдың Люян қаласында орналасқан зауытта жарылыс болды. БАҚ мәліметінше, өндіріс орнында күшті жарылыс болып, оның соңы өртке ұласқан. Жарылыс салдарынан 26 адам қаза тауып, тағы 61 адам жараланды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек