USD
USD
USD

Тоқаев Қазақстанға алғаш рет келген Гонконг басшысымен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг Арнаулы әкімшілік ауданы әкімшілігінің басшысы Джон Лимен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев, Джон Ли
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Қазақстанға алғаш рет келіп отырған Гонконг басшысына ілтипат білдіріп, бұл сапардың маңызы айрықша екенін атап өтті.

«Бұл уақиға Қазақстан мен Гонконг, кеңінен алып қарағанда, мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестік байланыстыратын Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елдеріміздің арасында жоғары деңгейдегі саяси диалог орнаған, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастық қарқынды дамып келеді. Гонконгпен қарым-қатынасымыз туралы да дәл осылай айтуға болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл сапар өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, іскерлік қарым-қатынасты кеңейтуге және инвестиция, қаржы, цифрландыру, жасанды интеллект, көлік-логистика бағыттарында бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыруға жол ашатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Джон Ли Гонконгтың Қазақстанмен кешенді ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады.

«Аталған сапарға ерекше мән беремін. Менімен шетелге шыққан делегациялардың ең ауқымдысы осы болды. Оның құрамына логистика, "жасыл" энергетика, тау-кен өнеркәсібі, инновация мен технология және білім беру сияқты басты салаларда еңбек ететін 75 ресми тұлға мен кәсіпкер енді», – деді ол.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джон Ли екіжақты мәселелерді талқылап, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға өзара мүдделі екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Балаларға базарлық: Қызылордада Ботаникалық бақ пайдалануға берілді

Ботаникалық бақ

«Кінәсін толық мойындады»: Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның соты басталды

Әділетхан Молдахан

Салық қинады. Назарбаевтың ресейлік банкі НЕГЕ қарқынын бәсеңдетуге мәжбүр?

.

«Центр плова» дәмханасындағы жарылыс: сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды

дәмхана