USD
USD
USD

Тоқаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 шілде – Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады, деп хабарлайды Ақорда.

Конституция
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президент жаңа Конституцияның заңды күшіне енуін «Қазақстан үшін айрықша маңызды оқиға» деп атап, қазақстандықтарды тарихи сәтпен құттықтады.

«Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.

Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындап, өз таңдауын жасағанын еске салып өтті.

«Бұдан былай Конституция күні "Наурызнама" онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Конституцияның мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарға жететініне сенім білдірді. Бұған қоса қоғамда заң мен тәртіп, еңбексүйгіштік пен өрлеу, тазалық пен табиғатты аялау сынды жасампаз құндылықтар орнайтынына кәміл сенетінін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов