USD
USD
USD

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасады. Мемлекет басшысы алдағы сайлауды ел тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы деп атап, азаматтарды дауыс беруге шақырды.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Тоқаевтың айтуынша, алғашқы Құрылтай сайлауалды барысы ашық, бәсекелі әрі мазмұнды өтті. Партиялар бағдарламаларын кездесулерде, теледебаттарда және әлеуметтік желілерде таныстырып, сайлаушыларға өз ұстанымдарын салыстыруға мүмкіндік берді.

Президент сайлауалды науқан кезінде жаңа тұлғалар мен ұсыныстар пайда болғанын, қоғамдық пікірталасқа жастар, кәсіпкерлер және кәсіби қауымдастық өкілдері белсенді қатысқанын атап өтті.

«Жалпыхалықтық дауыс берудің қорытындысы бойынша Құрылтайға кәсіби мамандар мен отаншыл азаматтар сайланады деп кәміл сенемін. Құрылтай әралуан көзқарас пен ұлт келешегі жолындағы ұмтылыстар тоғысатын біртұтас алаң болуға тиіс», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы әр азаматтың дауысы маңызды екенін айтып, әсіресе жастарды сайлауға қатысуға үндеді.

«Сайлауға қатысу дегеніміз – халықтың өз ықтиярын білдіру, ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық жауапкершілік таныту, ел игілігі үшін өнегелі іс жасау деген сөз», – деді президент.

Тоқаев алдағы жексенбіні Қазақстан үшін бетбұрысты сәт деп бағалап, елдің болашағы әр азаматтың саналы таңдауына байланысты екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер