24 Мамыр 18:06

Тоқаев Қазақстан-Сингапур ректорларының форумына қатысты

Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур ректорларының «Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорда. 

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, білім мен ғылымды дамыту еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы саналатынын атап өтті.

– Бүгінгі форумның екі ел ынтымақтастығы үшін маңызы зор. Бұл шара Қазақстан мен Сингапурдың білім және ғылыми-зерттеу салаларындағы ықпалдастығын бұдан да жоғары деңгейге шығаруды көздейді. Кеше Сингапурдың Президентімен және Премьер-министрімен ғылым, білім, халықаралық байланыстар сияқты екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша өте мазмұнды келіссөздер жүргіздім. Қазақстанның барынша ашық, тұрақты нарықтық экономикаға көшуі қарқынды және орнықты білім беру стандарттары мен цифрлық трансформацияны қажет етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда шетелдік жетекші университеттердің филиалдарын ашу, халықаралық институттармен бірлесіп ұдайы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін елімізге дәйекті тәсіл қажет екенін айтты.

– Соңғы бірнеше жылда біз беделді 19 университетпен стратегиялық альянс құрдық. АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Германия университеттері елімізде өз филиалдарын ашты. Сондай-ақ Қытай, Түркия, Италия және және басқа да мемлекеттердің университеттері Қазақстанға қызығушылық танытып отыр, – деді Президент.