USD
USD
USD

Тоқаев қайта қалпына келтірілген Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын аралап көрді

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қайта қалпына келтірілген қала әкімдігінің ғимаратын аралап көрді.

Алматы әкімдігі
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа реконструкция кезінде әкімдік ғимаратының энергетикалық тиімділігін едәуір арттыруға ықпал еткен заманауи материалдар мен технологиялар қолданылғаны туралы баяндалды. Ғимараттың тарихи мәнін ескере отырып, оның архитектуралық келбетін сақтау туралы шешім қабылданды. Мәрмәрлі қасбеттер, жезбен және табиғи тастармен безендірілген ішкі сәндік элементтер бұрынғы қалпына келтірілді.

Реконструкция жұмыстары толығымен аяқталған үш павильонға былтыр қазан айынан бастап қала әкімдігінің аппараты мен 14 басқармасы орналасты.

Президентке өрттен қатты зардап шеккен №4 павильонда жөндеу жұмыстары жалғасып жатқаны туралы мәлімет берілді. Күмбезді ұстап тұратын қондырғылар мен темір конструкция жоғары температураның әсерінен түгелдей зақымданған. Сондықтан күмбезді толықтай қайта жөндеуге тура келді. Қазір бұрынғысына қарағанда әлдеқайда жеңіл, жаңа конструкция орнатылған.

Құрылыс жұмыстарын ақпан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды

Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсімі

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз

Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

Диас Кенжебек