Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев Қатар Мемлекетінің Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөз жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөз жүргізді.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық көрсеткені үшін Қатар Мемлекетінің Премьер-министріне алғыс айтты. Сонымен бірге Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтіп, бүгін қол жеткізген келісімдер серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге тың серпін беретініне сенім білдірді.

– Осы сапарды дайындауға атсалысқаныңыз үшін Сізге шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Сапар шынымен сәтті болды. Біздің қарым-қатынасымызға тың серпін беретін құжаттар топтамасына қол қойылды. Жоғары Мәртебелі Қатар Әміріне айтқанымдай, біз өзара байланыстарды екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Бұл өте үлкен жетістік деп санаймын. Мен осындай нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымын. Бірақ біз мұнымен шектеліп қалмай, алға қадам басып, өзара ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруымыз керек, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, экономикалық байланыстар бірлескен күш-жігердің негізгі тірегіне айналуға тиіс.

Қазір оқып жатыр

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея

Үй жануарын асырай алмайтын жағдайда, иесі оған жаңа орын тауып беруге міндеттелмек

Ит

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық