USD
USD
USD

Тоқаев Каспий теңізінде қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президент Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауындағы оқу-жаттығу кезінде  ауа райы күрт нашарлап, жел күшейіп, 19 әскери қызметші суға кетті. Қорғаныс министрлігі тоғыз әскери қызметші қайтыс болғанын ресми растады. Үш әскери қызметші құтқарылып, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаның мән-жайын анықтап, іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнына қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы шұғыл аттанды.

Сондай-ақ оқиға орнына премьер-министрдің орынбасары, үкіметтік коммиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев ұшып кетті. Премьер-министр Олжас Бектенов оған оқиға орнына дереу барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін жан-жақты анықтауды тапсырды.

Бас прокуратура әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев