USD
USD
USD

Тоқаев энергетика маманы тапшылығы туралы: «Кез келген адам айналысатын болды»

Президенттің мәлімдеуінше, Қазақстан электр энергиясының ішкі тапшылығын жою үшін жыл сайын импорттауға мәжбүр.

Электрик
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Оның айтуынша, былтыр 3,7 миллиард киловатт-сағат энергия сырттан алынған. Қуат көздері мен электр желілерінің әбден ескіруі де бұл саладағы ахуалды ушықтырып тұр.

«Энергетика министрлігінің бұрынғы басшылары тек мұнаймен шұғылданған сияқты, электр қуаты өндірісі екінші қатарда назардан тыс қалды. Енді бұл олқылықты тез арада түзетуіміз қажет», – деді Тоқаев.

Президент келтірген дерек бойынша, қазіргі кезде Қазақстанда 123 миллиард киловатт-сағат электр энергиясы өндіріледі. Бұл еліміз үшін жеткіліксіз.

Сондай-ақ Тоқаев қуат көздерін іске қосу мерзімін кейінге қалдыру әдетке айналғанын айтып, Үкіметке жоспарланған қуат көздерінің толық іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды. 

«Бұдан былай соза беруге болмайды», – деп шегелеп айтты Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, саладағы негізі мәселе нағыз энергетика мамандарының болмауына келіп тіреледі.

«Энергетика саласындағы мәселелермен "алып бара жатқан не бар дейсің?" деп, "азды-кем білімі бар, бірақ өзіне деген сенімі мол" кез келген адам айналысатын болды», – деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, бұған қоса Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау саласындағы алаяқтық туралы айтып, Үкіметке 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысын аяқтауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша