USD
USD
USD

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Азамат Есқараев Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Азамат Есқараев
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Ол жаңа қызметке тағайындалуына байланысты Қазақстанның Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы елшісі болып тағайындалғанға дейін 2023-2025 жылдары әділет министрі болған.

Оған дейін әр жылдары Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері, премьер-министр кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Атқұрман Омарбеков

Колонияларда мобильді сигнал қуатын шамадан тыс асырған үш операторға айыппұл салынды

Айыппұл

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Ухань турнирінен шет қалды

Елена Рыбакина