USD
USD
USD

Тоқаев Дженсен Хуангты аты аңызға айналған көрнекті инженер деп атады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапы NVIDIA компаниясымен жемісті ынтымақтастықты жолға қойғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Дженсен Хуанг
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Сондай-ақ Мемлекет басшысы компания басшысы Дженсен Хуангке Астанаға келгені үшін алғысын білдірді.

«Аты аңызға айналған көрнекті инженер Дженсен Хуанг мырзаға жақында Астанаға арнайы келгені үшін алғыс айтамын», – деді Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, 23 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады. Кездесуде Дженсен Хуанг Қазақстанды Physical AI әлемдік хабына айналдыруды ұсынған болатын. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Дженсен Хуанг 1993 жылы Nvidia компаниясының негізін қалап, оны күні бүгінге дейін басқарып келді.

Дегенмен биыл 12 қарашада Nvidia компаниясы Дженсен Хуангтың 12 қарашада қызметінен кеткенін хабарлады. АҚШ БАҚ-тарының мәліметінше, Хуанг Қытайдың барлау қызметімен байланысы бар деп күдікке ілінген қытайлық кәсіпкер әйелмен некеден тыс қарым-қатынаста болған. Қытай тарапы бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Осыдан кейін компанияның директорлар кеңесі Хуангтың шетелдік барлау операциясының нысанасына айналған-айналмағанын анықтау үшін тәуелсіз тергеу бастады. Алайда құпия ақпараттың үшінші тарапқа берілгені әзірге расталған жоқ.

Хуанг тағы да кешірім сұрап, компания басшылығына қайта оралуға дайын екенін айтты.

Алайда 17 қарашада Nvidia басшылығы қызметкерлер мен кәсіпкерлер тарапынан оны қолдау науқанына қарамастан, Хуангты қайта тағайындау мәселесі қарастырылмайтынын аңғартты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда келер жылы UFC турнирі өтуі мүмкін

Шавкат

Жемқорларға ешқандай аяушылық болмайды – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте жанармай тасымалдайтын көлік өртеніп, жүргізуші қаза тапты

Өртке оранған көлік

ҰҚК шекарашылары 510 млн теңгенің өнімін заңсыз өткізбек болғандарды тоқтатты

Тәркіленген тауарлар