USD
USD
USD

Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне қатысып, баяндама жасады.

Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференция
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Оның пікірінше, ЖИ экономика, сауда және жаһандық өзара байланыстың болашағын айқындайтын, толыққанды инфрақұрылымы бар салаға айналып келеді.

Президент жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция көлемі жылына орта есеппен 47 пайызға өскенін атап өтті. Ал 2033 жылға қарай жаһандық ЖИ нарығының көлемі шамамен 5 трлн долларға жетеді деп болжанып отыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні басқару жүйесі кешенді сипатқа ие болуға тиіс деп есептейді. Атап айтқанда, ол жартылай өткізгіштер мен деректерді өңдеу орталықтарынан бастап, этика, білім беру және адамның қадір-қасиетін қорғауға дейінгі бүкіл бағытты қамтуы қажет. 

«Трансформация үдерісі геосаяси шиеленіс ушығып, ірі әлемдік державалар арасындағы сенімге селкеу түскен, жік-жікке бөлінген кезеңде жүріп жатыр. Өкінішке қарай, мемлекеттердің көбі қақтығыстарға тосқауыл қоюға мән бермейді, есесіне оның салдарын жоюға күш-жігерін сарқа жұмсайды. Жасанды интеллект алдын ала ескерту жүйесін, превентивті дипломатияны, гуманитарлық көмек пен бітімгерлік әрекеттерді күшейту арқылы бізге осы қисынсыз түсінікті өзгертетін тарихи мүмкіндік беріп отыр», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Қазақстан Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының құрылуын тарихи шешім деп санайтынын жеткізіп, бұл ұйым ЖИ-ді басқаратын әмбебап құрылымның негізін қалайтынына сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

Канье Уэст Алматыда жеке концертін береді

Канье Уэст

Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

Есет Байкен

Kaspi.kz Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылды

Kaspi.kz

Ғалым Әшімов Теміртау қаласы әкімі қызметінен кеткенін мәлімдеді

Ғалым Әшімов