USD
USD
USD

Тоқаев Bonifiche Ferraresi компаниясының Бас атқарушы директоры Федерико Веккьонимен кездесті

Мемлекет басшысы Bonifiche Ferraresi компаниясының Бас атқарушы директоры Федерико Веккьониді қабылдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Федерико Веккьони Қазақстанның аграрлық секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бидай өсіру бойынша көшбасшы елдердің қатарына кіретінін атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан Италияға негізгі бидай жеткізуші мемлекеттердің бірі, сондай-ақ ел ішінде астық өңдеу үлесін арттыруды жоспарлап отыр. Өз кезегінде Федерико Веккьони компанияның Қазақстанда италиялық технологияларды пайдалана отырып, дәнді дақылдарды өсіру және өнімді одан әрі терең өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыруға, сондай-ақ мамандар даярлауға және технология трансфертіне қатысты жоспары туралы айтты.

Мемлекет басшысы Үкіметтің компанияға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар италиялық компания интенсивті бау-бақша шаруашылығын және тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Қазір оқып жатыр

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Чемодан, саяхат, көшу

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Намаз

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Бақытгүл Хаменова

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі

Тоқаев