USD
USD
USD

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады.

Дина Исламбекова, Надежда Рябец
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті. Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Моңғолия астанасы Ұланбатырда өткен ересектер арасындағы Азия чемпионаты финалында Дина Исламбекова Үндістан өкілі Алфия Пазанмен жұдырықтасты. Қорытынды есеп: 5:0. Ал 80 келідегі Надежда Рябец шешуші кезеңде Өзбекстан спортшысы Рухшона Парпиевамен шықты. Надежда шеберлік жағынан айқын басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан жерлесімізге берді.

Жалпы байрақты бәсекеде Елдос Сайдалин баптайтын әйелдер құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншіледі.

Қазір оқып жатыр

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева

Қазақстанда мектеп оқулықтарынан 700-ден астам ескертпе мен қателер анықталған

Оқулықтар

AMANAT-тың алдағы сайлау науқанына дайындығы қандай?

 AMANAT

Шэньчжэньде Alatau City халықаралық роуд-шоуы өтті

роуд-шоу