USD
USD
USD

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

қол қою
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.

Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мәслихат депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, жаңа сайлау өтетінін айтты. Сол кезде Президент жақын арада премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде келісіп, содан соң тиісті Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген еді.

Ал бүгін, 12 қазанда Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен барлық деңгейдегі мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді. Президенттің айтуынша, депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтеді. Кеңес барысында премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай бұл мәселеге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті

Алматы облысында панажай иесі қаза тапты: 90 иттің тағдыры не болады?

Владимир Тепляков

Ресейде шенеуніктердің жүйкесін ойыншықпен тыныштандырмақ

Антистресс

Қазақстанда сүт безі обыры диагнозымен 150-ге жуық ер адам тіркеуде тұр

Науқас пен дәрігер