Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев әуежайлар мен теңіз порттарының қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

«Бұл жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Ирандағы ахуалдың ушығуына және оның еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, барлық күштік құрылымдар тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшірілді.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп