USD
USD
USD

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен алдағы міндеттері талқыланды.

.
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Облыс әкімі Мемлекет басшысына аймақтағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының даму барысы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы туралы есеп берді.

Сондай-ақ экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жақсарту және өңірдегі экологиялық ахуалды оңалту мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобалар сөз болды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Еске салсақ, 17 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Ақшолақовты Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындады. Бұған дейін ол энергетика министрі, Президенттің кеңесшісі, KAZENERGY қауымдастығының төрағасы болған. 

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram