USD
USD
USD

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Дархан Сатыбалды
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Алматы әкімі Президентке қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндады.

Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысына қала экономикасында оң динамика байқалатынын айтты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өсім 6,5 пайыз болған, ал биылғы қаңтар-ақпан айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,4 пайызға жеткен. Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары есебінен құралған.

Қала әкімінің мәліметінше, шаһардың инвестициялық портфелі 2,8 триллион теңгеден асты. 

«"Алматы" индустриялық аймағы мен "Алатау" арнайы экономикалық аймағына жаңа жобаларды тарту мақсатында кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Алматы еліміздің IT секторында жетекші рөл атқарады. Цифрландыру аясында Almaty AI Park қалыптасып, жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен талдау жүйесі дамып келеді», – делінген қала басшысының баяндамасында.

Сондай-ақ Дархан Сатыбалды биыл «Шымбұлақты» жаңғырту, іргелес шатқалдарды дамыту жұмыстары басталатынын мәлімдеді. Жобаларды іске асыру 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық шараларымен бірге жүргізіледі.

«Бас жоспарды түзету аяқталуға жақын. Онда қала ішіндегі орталық моделін дамыту және тау бөктеріндегі аумақта құрылысқа шектеу енгізу көзделген.

Қоғамдық көлікті ілгерілету, соның ішінде BRT желісін кеңейту, метро құрылысы және жаңа транспорттық шешімдерді пысықтау негізгі басымдық саналады.

Инженерлік инфрақұрылым және сумен жабдықтау жүйесі жаңартылып жатыр.

Экологиялық күн тәртібіне ерекше назар аударылып, жылу көздерін жаңғырту және шығарындыларды азайту шаралары қолға алынды», – делінген баяндамада.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

.