USD
USD
USD

Тоқаев Александр Стуббты Финляндия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы президент сайлауында жеңіске жеткен Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Тоқаев Александр Стубб
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. – Сайлаудағы жеңісіңіз халқыңыздың Сізге деген сенімін білдіреді, сондай-ақ Сіздің перспективті бағдарламаңыз бен мол саяси тәжірибеңізді қолдайтынын көрсетеді. Финляндия өзіңіздің басшылығыңызбен қарқынды дамуын жалғастырып, өркендей беретініне сенімдімін. Біз Финляндиямен арадағы достыққа және өзара құрметке негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Екі елдің игілігі жолындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, екіжақты ықпалдастықтың әлеуетін пайдалану үшін Сізбен және фин үкіметімен тығыз байланыс жасаймыз деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі