USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Алатау қаласының даму барысымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары аясында Алатау қаласының даму жоспарымен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

Алатау
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қазіргі кезде қала аумағы 88 мың гектарға тең және 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген. Сонымен қатар қаланың негізгі даму аймақтары мен табыс көздері айқындалып жатыр, магистралды инфрақұрылымды дамыту бойынша жол картасы қолға алынған. 

Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды.

Бүгінде Gate City тұрғын үй алабы жедел өркендеп келеді. Мұнда «жайлы мектеп» бой көтеріп, «Маревен Фуд», «КНАУФ», Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты секілді жүйе құрайтын кәсіпорындар жұмыс істейді.

Алатау
Ақорда

Бұдан бөлек, 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Оның жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асады. 

Атап айтқанда, PepsiCo компаниясы Орталық Азиядағы картоп өңдейтін ең ірі зауыт салып жатыр. Mars Petcare компаниясы үй жануарларына арналған азық өндіретін өңірдегі алғашқы заманауи әрі бірегей жобаны қолға алды. KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясы дәрі-дәрмек пен медициналық қондырғылар шығарумен айналысады. «Исткомтранс» және G-Trans компаниялары логистикалық кластер құруда.

Президентке Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл Алатаудағы көпфункционалды озық кешен саналады. Қаладағы негізгі нысандардың бірі Gate District ауданында бой көтермек.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.