USD
USD
USD

Тоқаев Алатау қаласы туралы Конституциялық заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Алатау қаласы
Фото: ile-tany.kz

Астана, NEGE. Конституциялық заңның негізгі мақсаты – Алатау қаласының қарқынды әрі тұрақты дамуы үшін жағдай жасау.

«Конституциялық заңға сәйкес, қаланы мемлекеттік басқарудың жаңа моделі енгізілді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік, кеден ісі, цифрлық активтер, құмар ойындары, әлеуметтік сала, қаржы нарығы, архитектура мен қала құрылысы, экология әрі қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, спорт және тағы басқа салаларды реттеудің негізгі қағидалары белгіленді», – делінген хабарламада.

Бұған қоса «Алатау резиденті» құқықтық мәртебесі бекітілді. Арнаулы мәртебе әкімшілік санаттар бойынша жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Арнайы режимнің қолданылуы резидент мәртебесіне қарай анықталады.

«Шаһардың ұзақ мерзімді инвестициялық және технологиялық өркендеуі стратегиялық құжаттар негізінде қамтамасыз етіледі. Нақты айтқанда, Алатау қаласының ұзақ мерзімді даму жоспары, мастер-жоспары және дамыту стратегиясы қабылданады», – делінген Ақорда хабарламасында.

Алатау қаласының инфрақұрылым нысандары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерінің барлық дерегі бірыңғай цифрлық басқару платформасына біріктіріледі.

Сонымен қатар қаланың инвестициялық климаты мен инвесторларға берілетін кепілдіктері, салық-бюджет саясаты, сәулеттік дизайны мен жер қатынастары аталған конституциялық заң аясында реттеледі.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Экология талаптарына сай келмейтін 20 жүк көлігі Қытайдан заңсыз әкелінген

Жүк көліктері

Ата-аналар елімізде эпилепсияға қарсы дәрі тапшы деп шағымдануда

Мүгедек бала

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккен бір адам санавиациямен Астанаға жеткізілмек

Қазмырыштағы жарылыс

Үкімет ERG-дегі үлесін арттыруды жоспарлап отырған жоқ

ERG