USD
USD
USD

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды

Абай облысындағы Ақтоғай кен орнында салынатын мыс балқыту зауытында жылына 300 мың катодты мыс өндіріледі.

Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсімі
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Бұл жөнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір режимінде зауыт құрылысын бастау рәсімінде мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бұл ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге жетеді.

«Осы зауыт іске қосылған соң Қазақстан жоғары сапалы тазартылған мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады. Бұдан бөлек, аталған кәсіпорында алтын және күкірт қышқылы өндірілмек. Бір сөзбен, бұл ауқымды жоба отандық металлургия саласының дамуына қомақты үлес қосатыны сөзсіз», – деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте Тоқаев кәсіпорын акционерлеріне, әсіресе, жұмысшылардың заңды әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы Қазақстанда 9,5 мыңнан астам кен орнында жылына шамамен 160 миллион тонна кен өндіріледі. 3,5 миллион тоннаға жуық мыс концентраты шығарылады. Президенттің мәлімдеуінше, былтыр өңдеу саласындағы жалпы өнім көлемі 60 миллиард долларға жетті. Соңғы үш жылда еліміздің барлық аймағында 540 индустриялық жоба іске қосылды. Соның арқасында 50 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз

Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

Диас Кенжебек

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Күдіктілер