USD
USD
USD

Тоқаев АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы қол жеткізген келісімді құптады.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Бұл жөнінде ол X желісіндегі парақшасында жазды. Тоқаев жазбасында қазіргі күрделі халықаралық ахуал жағдайында аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор екенін атап өткен. 

«Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Президент Қазақстан тарабы осы бейбіт келісімге қол қою «Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім білдіретінін» жеткізген.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иран Ислам Республикасымен келісімге келгенін және көп ұзамай әскери-теңіз блокадасы алынып, Ормуз бұғазы ашылатынын хабарлады. Сондай-ақ ол жұма күні, яғни 19 маусымда келісімге қол қойылып, бұғаз ашылғаннан кейін минасыздандыру жұмыстары жүргізілетінін, нәтижесінде мұнай екі бағытта да қайта тасымалдана бастайтынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша

Қарағандыдағы кәсіпорында екі жұмысшының қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

жұмысшы қазасы