USD
USD
USD

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізуді ұсынды

​Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында шағын және микробизнесті тексеруге қайтадан мораторий енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының айтуынша, биылғы алғашқы алты айда жеке кәсіпкерлер тарапынан заң бұзу деректері 34 пайызға азайған. Соған қарамастан, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 11 пайызға өсіп, жоспардан тыс тексерулер саны бірнеше есе артқан.

«Бизнестің белсенділігін талдау кәсіпкерлерге жай ғана кедергі жасамау жеткілікті екенін көрсетеді», – деді Президент.

Тоқаев Құрылтай депутаттары мен Үкіметке 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылға мораторий енгізудің тиімділігін талқылауды ұсынды. Ол 2020–2023 жылдары қолданылған шектеудің оң нәтижесін атап өтті.

Сонымен қатар Президент мемлекеттік сатып алудың бір бөлігін шағын және орта бизнеске бөлуді, жеткізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдетуді және экономикалық құқықбұзушылықтарды қылмыс санатынан шығару жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Тоқаев импорттық тауарлардың құнын әдейі төмендетіп көрсету мен отандық өнімдердің нарыққа шығуына кедергі жасауды жемқорлық деп атады.

«Бизнеске қолдан заңсыз тосқауыл қою, бұл – мемлекетке қарсы жасалған қылмыс деп айтсақ артық болмас», – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

«Суды ысырап етуге жол бермеу керек»: Тоқаев су тапшылығына қатысты талап қойды

көлік жуу

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

Кредит

​Байлар көбірек салық төлеуі мүмкін: Президент жаңа ұсыныс айтты

Квазимемлекеттік сектор

Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді: Тоқаев ауқымды құрылыс жоспарын жариялады

Қазақстан Халқына Жолдау