USD
USD
USD

Тоқаев 1 шілдеде өкілеттігін тоқтататын Парламентті «ең мықты құрамның бірі» деп атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысына қатысып, сөз сөйледі.

Парламент
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Президент соңғы шақырылымдағы Парламент депутаттарының жұмысын жоғары бағалап, оларды «ең мықты құрамдардың бірі» деп атады.

«Әсіресе, Парламенттің қазіргі құрамына, яғни сіздерге алғысым зор. Бұл шақырылымды Қазақстанның жаңа тарихындағы ең мықты құрамның бірі деп сеніммен айтамын. Себебі сіздер мемлекетіміздің дамуындағы өте күрделі және шешуші кезеңде жұмыс істедіңіздер», – деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев заң шығару жүйесінің бастауында тұрған саясаткерлер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің де еңбегін атап өтті.

«Олардың жемісті еңбегі Парламент тарихында өшпес із қалдырды. Олардың жанқиярлық қызметі халқымыздың жадында мәңгі сақталатынына күмән жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Парламенттің «қашанда уақыт талабына және қоғам сұранысына жауап бере алатын жасампаз институт» екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы