USD
USD
USD

Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай жиынында вице-президент лауазымына Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды.

Ерлан Қарин
Фото: turkystan.kz

Астана, NEGE. Президент Құрылтай депутаттарынан Қариннің кандидатурасын қолдауды сұрады.

Еске салсақ, биыл 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда вице-президент лауазымын қайта бекітуді ұсынған болатын. Президенттің бұл ұсынысы қолдау тауып, Конституцияның жаңа жобасында вице-президенттің міндеттері айқындалды.

Президент жаңа Конституцияға қол қойғаннан кейін «Вице-президент кім болады?» деген сұрақ қоғамда кеңінен талқыланған басты тақырыптардың біріне айналды. Бұл тұрғыда саясаттанушылар фаворит ретінде бұрынғы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен қазіргі Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қариннің есімін атады.

Таяуда Тоқаев вице-президенттің кім болатыны 10 күн ішінде айтылатынын, ол қазақстандықтар жақсы білетін белгілі жан екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.