USD
USD
USD

Тойханаларға мониторинг жұмыстары күшейтілді

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге аудан аумағында орналасқан барлық тойханаларда той өткізбеу шараларын қатаң қадағалауда.

Тойханаларға мониторинг жұмыстары күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент,  NEGE. Осыған орай аудан әкімі Б.Парманов Қызылжар (Коммунизм), Қатынкөпір, Ынтымақ шағынаудандарында және Темірлан тас жолы, А-2 тас жолы, Жиделібайсын көшелері бойындағы тойханаларға бақылау жасап, карантин талаптарының орындалуын тексерді.

Сонымен қатар, 2021-2022 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстарын бақылап, көпқабатты тұрғын үйлерінің жер асты жылу құбырларының жөндеу жұмыстарын тексерді. Жалпы Абай ауданы бойынша 416 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған.

Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үйлердің 54,8 пайызы жылу маусымына дайын. Сонымен қатар, жылу маусымына дайындық жұмыстарын ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін 70 пайыздан асыру жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек