USD
USD
USD

Тойға тыйым тоқтамайды

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталған соң отбасылық іс-шараларды өткізуге қатысты пікір білдірді.

Тойға тыйым тоқтамайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша, отбасылық және еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынады. Онлайн брифинг барысында журналистер қазақстандықтарға енді үйлену тойларын, құдалық және тағы сол сияқты іс-шараларды өткізе ала ма деген сұрақ қойды.

"Бүгінде елдегі эпидемиологиялық жағдай бізге адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге рұқсат бермейді. Ол ғимараттар болсын, аулада болсын тыйым салынады. Себебі коронавирус инфекциясы бізде әлі де бар. Ол өте жұқпалы. Барлығының осындай іс-шараларды өткізгісі келетінін түсінеміз. Бірақ сонда да біз өзгелерді де ойлауымыз керек. Сондықтан мен барлығыңыздан осы мәселеге түсіністікпен қарап, алдын алу шараларын ұстануды сұраймыз", - деді Есмағамбетова.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі