USD
USD
USD

Тойда қонақтарды тонап жүрген ер адам ұсталды

Алматыда ер адам тойда қонақтарды тонап жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Тойда қонақтарды тонап жүрген ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алатау аудандық Полиция басқармасында хабарлағандай, 31 жастағы О.есімді азамат – сериялық ұры. Осы уақытқа дейін ұрлықтың 40-тан астам эпизодына қатысы бары анықталды.

– Соңғы жағдайда қаскөй мерекелердің бірінде өнер көрсеткен әртістерді тонап кеткен. Ол киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, олардың ұялы телефондарын жымқырған. Бұл дерек бейнебақылау камераларының объективтеріне түсіп, оның көмегімен қаскөйдің жеке басы анықталды. Ол ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. Оның жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті