USD
USD
USD

Тоғжанов: Балалардың келешегін ойлауымыз керек

Қазақстандықтарға сәбилермен және балалармен серуендеуді тоқтата тұруға кеңес берілді.

Тоғжанов: Балалардың келешегін ойлауымыз керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сәбилерге қатысты айтарым, оларды қорғау керек. Олардың да үйде болғаны жөн. Оларға маска іздеуден бұрын қорғау керек», – деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Үкімет басшысының орынбасары бұл ретте мәселе сәбилерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін атап өтті.

«Осынау аралықта серуендеуді тоқтата тұруды сұраймын. Балалардың денсаулығы мен келешегі үшін ойлануымыз керек», – деді Ералы Тоғжанов.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларға арналған медициналық масканы әр адам өз үйінде тігіп алуға мүмкіндік барын еске салды.

«Резеңкені алып, қия салса болды. Маска кішірейіп кетеді. Сәбилерге арналған маска дәкенің бірнеше қабатынан тұрады. Өз қолыңызбен де жасай аласыз», – деді министр.

Қазір оқып жатыр

«Жұмыста қысым болған»: Көкшетау соты қызметкерінің қазасы туралы құзырлы орган не дейді?

Аян Дүйсеков

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау