USD
USD
USD

Тоғызқұмалақтан онлайн жарыс өтеді

Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы елдегі карантинге байланысты және Мәдениет және спорт министрлігінің «Бірге еңсереміз» атты жобасы аясында тоғызқұмалақтан Қазақстанның ерлер мен әйелдер арасындағы ұлттық құрама командалары арасында онлайн жүйеде жолдастық кездесуді өткізеді.

Тоғызқұмалақтан онлайн жарыс өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жолдастық кездесуге ерлер құрама командасынан - Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, 4 дүркін Әлем чемпионы); Нұрбек Қабиев (2 дүркін Әлем чемпионы, Азия чемпионы); Жанат Қаймолдин (Әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы); Бексұлтан Бостандықов (Әлем чемпионатының жүлдегері, ашық Азия Кубогының жеңімпазы); Азамат Қайдаров (ашық Еуропа кубогының жеңімпазы, ҚР чемпионы) қатысады.

Жолдастық кездесуге әйелдер құрама командасынан - Салтанат Сапарбекова (Әлем чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері); Гүлжанат Алдабергенова (Әлем чемпионы, Азия чемпионы); Роза Раимбекова (Әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы); Ализа Ерниязова (Әлем чемпионатының жүлдегері), Құндыз Есіркеп (ашық Еуропа кубогының жеңімпазы, ҚР чемпионы) қатысады. Ойындарды 2020 жылғы 4 сәуір мен 2 мамыр аралығындағы әр сенбі күні сағат 16:00-17:00-де iggamecenter.com сайтынан және тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Бас жаттықтырушы - Серік Ақтаевтың Instagram-дағы @aktayevserik парақшасынан тікелей эфирде көруге болады. Ойындарды 2020 жылғы 4 сәуір мен 2 мамыр аралығындағы әр сенбі күні өтеді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға