USD
USD
USD

Тоғызқұмалақтан Қазақстан кубогы өтті

Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан ересектер арасында Қазақстан кубогы мәреге жетті.

Тоғызқұмалақтан Қазақстан кубогы өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тоғызқұмалақтан БҚО құрамасының аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімовтің айтуынша, 10-15 қараша аралығында өткен жарысқа еліміздің он облысынан 76 спортшы қатысып, бақ сынады. Соның ішінде 11-і халықаралық дәрежедегі спорт шебері болса, 20-сы – спорт шебері, 43-і – спорт шеберлігіне үміткер. Сайыс қорытындысында командалық есепте Ақтөбе облысының құрамасы бірінші, павлодарлықтар екінші орынға ие болды. Батысқазақстандықтар үздік үштікті түйіндеді.

Жекелей есепте де батысқазақстандықтар жақсы нәтиже көрсетті. Ұлдар арасында бірінші тақта бойынша Әсет Қайыржанов екінші, үшінші тақтада Дархан Әнуарбеков бірінші орынға көтерілді. Ал қыздар арасында төртінші тақтада Ализа Ерниязова бірінші, Аида Карина үшінші орыннан көрінді. Дархан Әнуарбеков пен Ализа Ерниязова Қазақстан Республикасының спорт шебері атағының нормативін орындады.

Қазір оқып жатыр

Жапонияда Азия Пара ойындары басталды: Қазақстаннан 150 спортшы қатысады

.

Жетісу облысында шағын автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты

kris_p_kaz/Instagram/ ЖИ арқылы өңделген

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп