Референдум Референдум
USD
USD
USD

Тоғызқұмалақтан ел чемпионаты мәресіне жетті

Алматы қаласында тоғызқұмалақтан республикалық чемпионат аяқталды. Тоғызқұмалақтың классика түрінен ерлер мен әйелдер арасында жекелей өткен дода бір аптадан астам уақытқа созылды. Елдіміздің әр аймағынан келген 136 спортшы жүлделерді сарапқа салған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тоғызқұмалақ
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл чемпионаттың маңызы өте зор болды. Себебі жеңімпаздар қыркүйек айында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ел намысын қорғайды. Сонымен қатар, тоғызқұмалақтан Түркия мемлекетінде болатын әлем чемпионатына жолдама алады.

Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейде өткен жабылу салтанатына ҚР Парламенті Сенатының аппарат жетекшісі Максим Споткай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты және Тоғызқұмалақ спорты қамқоршылар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей қатысып, жүлдегерлерді марапаттады.

10 турға созылған чемпионат қорытындысы төмендегідей болды:

Ерлер арасында:
І орын Бостандықов Бексұлтан
(Қызылорда облысы)
ІІ орын Қожанәсіп Асылхан
(Қарағанды облысы)
ІІІ орын Ануарбеков Дархан
(БҚО)
ІІІ Әуелбай Ерсұлтан
(Астана қаласы)

Әйелдер арасында:
І орын Серікқызы Мөлдір
(Ақтөбе облысы)
ІІ орын Далиева Асель
(Түркістан облысы)
ІІІ орын Маханбетамин Ұлдана
(Қызылорда облысы)
ІІІ орын Қожанәсіп Аңсаған
(Қарағанды облысы)

Командалық орындар (Классика)
1-орын Қызылорда облысы
2-орын Ақтөбе облысы
3-орын Түркістан облысы

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда