USD
USD
USD

Тоғызқұмалақ тақтасы 2 млн 628 мың теңгеге ғарышқа ұшқан

Дүниежүізілік көшпенділер ойыны қарсаңында Туризм және спорт министрлігі тоғызқұмалақ тақтасының ғарышқа ұшып барып келгенін хабарлаған болатын. NEGE порталы министрлікке ресми сауал жолдап, «ғарыш сапарының» құнын сұрады.

Тоғызқұмалақ тақтасы
Фото: Коллаж: NEGE

«Тақта 9 қыркүйек күні ғарышқа ұшып кеткен, миссиясы аяқталған соң жерге қайта оралды. Бұл ерекше оқиға, өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болып келген тұңғыш ұлттық ойынымыз», – деген министрлік.

Біз іле-шала Туризм және спорт министрлігіне ресми сауал жолдап, тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа ұшырудың құны қанша болғанын, «Роскосмоспен» қалай келіскенін, ақшаны қайдан алғанын, идея кімдікі екенін және Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жалпы бюджеті қанша болғанын сұрағанбыз. Жуырда министрдің орынбасары С.Жарасбаевтан төмендегідей жауап келді:

Тоғызқұмалақ
Фото: NEGE

«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Сіздің сұрауыңыз бойынша келесіні хабарлайды.

Тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа жіберу үшін «Тоғызқұмалақ федерациясы» ЗТБ Ресей ғарыш агенттігінің «Стратонавтика оператор стратосферных полетов» қосалқы мердігер компаниясымен келіссөздер жүргізіп жүзеге асырды.

Тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа апарып келу үшін «Жаңа пост» компаниясының демеушілігімен 2 628 000 (екі миллион алты жүз жиырма сегіз мың) теңге жұмсалды.

Тақтаны ғарышқа жіберу идеясы тоғызқұмалақ федерациясының бастамасымен жүзеге асты.

5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы бюджеті 7,7 млрд теңгені құрады, мемлекет бюджетінен 5,7 млрд теңге және демеушілер тарапынан 2 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді».

Министрлік «ғарышкер тақта» туралы хабарлағанда жұрт көкейінде «қанша ақша жұмсалды» деген сауал тұрды. Сауал жолдадық, жауап алдық. Енді бұл идеяның қаншалықты ұтымды болғанын өзіңіз саралап көріңіз...

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші