Тоғыз облыста дауылды ескерту жарияланды
22-24 шілдеге Нұр-Сұлтанда, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «22 шілдеде Ақмола облысында түнде кей жерлерде найзағай, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Нұр-Сұлтанда 22 шілдеде түнде найзағай, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні найзағай кезінде 15-18 м/с жетеді. 22 шілдеде Ақтөбе облысының күндіз кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 22 шілдеде найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, 22 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, 38-40 градус қатты ыстық сақталады.
«22 шілдеде Батыс-Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 22 шілдеде оңтүстікте қатты ыстық 35 градус күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Ертеңгісін және күндіз 22 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл тұрады, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жел тұрады. Күндіз +40+43 қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 22 шілдеде күндіз +40+41 қатты ыстық сақталады», - делінген хабарда.
22 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз оңтүстікте 35 градус қатты ыстық күтіледі. Қостанай облысының орталық және оңтүстік аймағында жоғары төтенше деңгейі сақталады. Қостанай қ: 22 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
«22 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Өскемен қ.: 22 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семей қ.: 22 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.
22-23 шілдеде Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 23 шілдеде күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 22 шілдеде жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
«Күндіз 22 шілдеде Жамбыл облысында кей жерлерде +39 қатты ыстық күтіледі. 23-24 шілдеде кей жерлерде найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Таразда күндіз 23-24 шілдеде кейде найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарда.
Дауылдың ықтималдығы 70-100%.