Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоғыз мектеп карантинге жабылды

Батыс Қазақстан облысында тоғыз мектеп карантинге жабылды.

Тоғыз мектеп карантинге жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 8 ақпаннан бері 7 оқушы мен 6 мұғалімнен коронавирус табылды. Соған байланысты қалада 4, аудандарда 5 мектеп карантинге жабылды.

Сондай-ақ Оралда балабақша тәрбиешісінің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұнда сол топқа карантин қойылды. БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 8 ақпанда күшіне енген қаулысына сәйкес оқушылар немесе қызметкерлер арасынан бір адамнан коронавирус тіркелген кезде сол мектеп түгел инкубациялық кезең аяқталғанға дейін, яғни 14 күнге карантинге жабылады. Оған дейін індет шыққан сынып қана карантинге жабылатын.

Өңірде эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр. 8 ақпан күні 51 адамнан індет анықталып, азайғанымен, 9-ында 84, 10-ында 87 жағдай тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық