USD
USD
USD

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

«Әділет» партиясының «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарымен кездесулер өткізіп, өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады.

.
Фото: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Тоғыз күнге созылған сапар барысында партия өкілдері 12 ауданды аралап, 1350 тұрғынның пікірін тыңдады. 1500 шақырымнан астам жол жүрген мобильді керуен мүшелері азаматтардың ұсыныстары мен сауалдарын бірнеше бағыт бойынша топтастырған.

Кездесулерде жол инфрақұрылымы, сумен және газбен қамту, денсаулық сақтау, несие жүктемесі мен «Ауыл аманаты» бағдарламасы ең көп көтерілген мәселелердің қатарында болды.

.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Ақмола облысының тұрғындары негізінен несие жүктемесінің артуы, көпбалалы отбасылардың несие ала алмауы, зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау, жастардың ауылдан көшуі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді қозғады. Мұнда келген кандидаттар осы мәселелерді жіктеп, жазып алды.

Ал, Солтүстік Қазақстан облысындағы төрт ауданның тұрғындарымен депутаттыққа кандидаттар Еділ Хамза, Армангүл Тоқтамұрат, Айзада Рахметова, Елена Семидоцких, Ульяна Ашимова, Калия Туренова, Ольга Перепечина, Ерлан Тоқшалықтар барған.

.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Өңір тұрғындары шекара маңындағы жұмыспен қамту, еңбекақы деңгейі, байланыс сапасы, әлеуметтік көмек пен медицина мәселелері туралы айтты.

Мобильді керуеннің мүшелері бұл мәселелерді де блок-блокқа жіктеп, одан әрі әр бағыт бойынша айтылған мәселелер болашақта талқыланып, шешім жолдары қаралатынын атап өтті.

.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Қостанай облысында инфрақұрылымдық жобаларға қатысты сауалдар басым болды. Троебрат ауылындағы су құбыры құрылысы, Первомай ауылындағы тозған су желілері және Ұзынкөл–Сарыкөл жолының құрылысы кездесулердің негізгі тақырыптарының біріне айналды.

.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Партия кандидаттары осы айтылған өтініштердің бәрі арнайы тізімге еніп, жан-жақты зерделенетінін және құзыретті органдарға берілетінін атап өтті.

Мобильді керуен енді еліміздің басқа облыстарына аттанады. Қазақстан бойынша алты мобильді керуен 24 шілде мен 18 тамыз аралығында 100 ауданды аралап, кемінде 10 000 тұрғынмен кездесуді жоспарлап отыр.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Қазір оқып жатыр

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu

Туризмнің игілігін ауыл тұрғындары да көруі тиіс – «Әділет» партиясы

.