USD
USD
USD

«Тобыл» футбол клубының жаңа иесі анықталды

Қостанайда жергілікті Olzha Agro компаниясы «Тобыл» футбол клубы құрылтайшыларының құрамына кіріп, оны басқаруды және клубтың алдағы дамуына жауапкершілікті өз мойнына алды.

«Тобыл» ойыншылары
Фото: instagram.com/fctobol

Астана, NEGE. Бұл жөніндегі ақпарат Қазақстан Премьер-Лигасының ресми сайтында жарияланды.

«Olzha Agro» ЖШС бас директоры Әлішер Қожаназаров «Тобыл» футбол клубын басқаруда қандай бағыттарға басымдық беретінін айтты.

«Клубтың Olzha Agro басқаруына өтуі "Тобыл" тарихының жаңа парағын ашады. Біз заманауи әрі тұрақты басқару моделін қалыптастырып, спорттық бағытты, инфрақұрылымды, академияны және жас футболшыларды даярлау жүйесін дәйекті түрде дамытуды көздеп отырмыз. Бұл – біз үшін Қостанай облысы мен клуб жанкүйерлері алдындағы үлкен жауапкершілік», – деді Әлішер Қожаназаров.

«Тобыл» ФК президенті қызметіне Olzha Agro бас директорының кеңесшісі Айдос Дүйсенбиев тағайындалады.

«Негізгі команда, академия, балалар мен жасөспірімдер футболы және инфрақұрылымды дамыту – басты басымдықтарымыздың бірі. Бұл ретте "Тобылдың" тарихы, дәстүрі, клубтық түстері мен Қостанай өңірі және жанкүйерлермен байланысы өзгеріссіз қалады», – деді Айдос Дүйсенбиев.

Айта кетейік, Olzha Agro – егін шаруашылығымен, ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығымен, астық пен майлы дақылдарды сақтау және экспорттаумен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен және агротехника өндірісімен айналысатын Қостанай облысындағы ірі агроөнеркәсіп холдингтерінің бірі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда стейблкоиндерді халықаралық саудада пайдалану мүмкіндігі қарастырылмақ

Стейблкоин

СІМ АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталғаны жөніндегі ақпаратты растады

СІМ

QR төлемдерін ҚҚС-тан босату кәсіпкерлер комиссиясына бірден әсер етпеуі мүмкін

Kaspi

Ақбаян Мұқанғалиева емнен кейін балаларымен қауышты

Ақбаян Мұқанғалиева