USD
USD
USD

Төбелескен оқушылардың үстінен қылмыстық қозғалды

Жетісу облысында төбелескен оқушылардың үстінен қылмыстық қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төбелескен оқушылардың үстінен қылмыстық қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы оқиға 15 сәуірде Талдықорған қаласындағы орталық саябақ аумағында болған. Оған қатысқандардың барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Жасөспірімдер жергілікті оқу орындарының 2006-2007 жылы туылған оқушылары болып шықты.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлімінде (Бұзақылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды»,- делінген аталған ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіге жас балалардың төбелесі бар видео жарияланды. Бейнежазбада ұл баланы қасында тұрған жігіт ұра жөнеледі. Артынша, жалғыз жасөспірімге өзге қатарластары жабылып, ұра бастайды. Төбелестің шығуына не себеп болғаны белгісіз. Мән-жайы тергеу барынысында анықталады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе