USD
USD
USD

ТМД-да ең биік шырша қай елде?

  Нұр-Сұлтандағы жаңа жылдық шырша ТМД елдері астаналарындағы ең биік шыршалар ондығына кірді, деп хабарлады «ТурСтат» талдамалы агенттігі. 

ТМД-да ең биік шырша қай елде?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ТМД елдері астаналарындағы ең биік шыршалар ондығына мыналар кірді:

Ашхабад қаласы (40 м), Ереван қаласы (37 м), Ташкент қаласы (36 м), Баку қаласы (34 м), Минск қаласы (30 м), Душанбе қаласы (29 м), Мәскеу қаласы (27 м), Бішкек қаласы (27 м), Нұр-Сұлтан қаласы (25 м) және Кишинев қаласы (20 м)», – делінген хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, рейтинг ТМД елдері астаналарындағы басты шыршаларды зерттеу нәтижесі бойынша ұсынылған.

«Мәскеудегі Ресейдің басты шыршасы Кремльдің Собор алаңындағы биіктігі 27 м болатын шырша ТМД елдері астаналарындағы жалғыз «тірі» шырша болса керек», – делінген хабарда. Сонымен қатар, Красноярскіде Ресей мен ТМД-дағы 2019-2020 жылғы биіктігі 55 м болатын ең биік шырша орнатылған. 

 

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама