USD
USD
USD

ТМД ойындары қашан өтеді?

23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ТМД ойындарының өтетін күні белгілі болды. 

ТМД ойындары қашан өтеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ТМД ойындарында 11 елдің спортшылары 21 спорттың түрі бойынша бақ сынайды.

Ұйымдастырушылар ойынды 4-11 қыркүйек өтеді деп жоспарланған. Жарыстың өтетін күнін нақты белгілеу үшін Ресей федерациясымен келіссөздер жүргізілуде.

Айта кетерлігі, ТМД ойындары бастапқыда тамыз айында өтуі тиіс еді.

Ұйымдастырушылар кейін жарыс уақытын күзге ауыстырды.

ТМД ойындарына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Ресей құрамалары қатысады.

Спорттың 21 түрінен, атап айтқанда, армрестлинг, бадминтон, баскетбол (3х3), бокс, белбеу және кураш, су добы, жағажай волейболы, еркін және грек-рим күресі, гір тасын көтеру, дзюдо, каратэ, мас-рестлинг, үстел теннисі, жүзу, самбо, тай бокс, би спорты, семсерлесу, футзал, көркем гимнастика және шахмат бойынша медальдар сарапқа салынады.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Қайрат Нұртастың концертіндегі қарбаласта бір қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Қайрат