USD
USD
USD

ТМД байқаушысы сайлау жөнінде ойын айтты

ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушысы, Федерациялық кеңестің конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс жөніндегі комитетінің мүшесі Олег Цепкин Қазақстанда өтіп жатқан сайлауға баға берді.

ТМД байқаушысы сайлау жөнінде ойын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әзірге біз әріптестерімізбен бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында 23 учаскеге бардық. Мұнда біз сайлау учаскелері орналасқан түрлі санаттар мен ғимараттарды қамтуға тырыстық. Айта кетейік, олардың барлығы дерлік тұрғын алаптарында, халық тығыз қоныстанған аумақтарда орналасқан», - деді Олег Цепкин Sputnik-Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Сонымен бірге, О. Цепкин бүгінгі сайлаудан алған әсері туралы айтты.

«Сайлау учаскелері ашылмай тұрып-ақ, сағат 6:30-6:45-те алғашқы сайлаушылардың дауыс беруді күтіп тұрғанын жақсы дәстүр деп санаймын. Бүгін де халық арасында осындай дәстүр байқалады. Жалпы бүгін халықтың белсенділігі өте жоғары. Біз сағат сайын 7:00-де, 8:00-де және 9:00-де түрлі учаскелерге барып, келушілердің айтарлықтай артқанын көрдік. Біз сайлау комиссияларының төрағаларымен, мүшелерімен сөйлестік, олар халықтың белсенділігі жеткілікті деңгейде екенін айтты. Жалпы атмосфера қолайлы, жақсы, тіпті позитивті деуге болады. Барлық учаскелерде сайлаушыларды тіркеу тәртібі нақты жолға қойылған», - дейді О. Цепкин.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 16:00-де сайлаушылардың 52,5 пайызы дауыс берген.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян