USD
USD
USD

ТМД радиоактивті материалдарды тасымалдауға бақылауды күшейтті

Мәжіліс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялады.

ТМД
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжатқа 2020 жылдың 6 қарашасында қол қойылған. Келісім радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдаудың қауіпсіздігі мен бақылауын қамтамасыз етуге, қажетсіз кідірістерді жоюға және тұрақты тасымалдау үшін ТМД елдерінің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіруге бағытталған.

Құжатқа сәйкес, жөнелту радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау шарты (келісімшарт) халықаралық стандарттарға және қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес келетін өзге де құжат негізінде жүзеге асырылады. Жүк жөнелтушілер экспорт, транзит және межелі елдерден қажетті рұқсаттар алуы қажет.

Радиоактивті материалдарды физикалық қорғауға ерекше назар аударылады. Оған қойылатын талаптар 1979 жылғы 26 қазандағы Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау туралы конвенцияда көзделген стандарттардан төмен болмайды. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар