22 Ақпан 12:25

Титаниктің басқаша аяқталған нұсқасы бар

Фото:
Желіде режиссер Джеймс Кэмеронның 1997 жылғы «Титаник» фильмінің соңы басқаша аяқталған нұсқасы талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Times Now News басылымы.

 

Алматы, NEGE. Ролик DVD-ге 2005 жылы шыққан, бірақ әлеуметтік желілерде енді тарала бастады. Картинаның түпнұсқасында қарт Роза гауһартасы бар алқаны мұхитқа лақтырса, балама нұсқада қазына іздеушіге береді. Алайда ол өмірде басқа нәрселер маңызды екенін және сүйіктісінің қазасына себеп болған гауһар су түбіне кетуі тиіс дейді.

Фильм соңының бұл нұсқасы әлеуметтік желілерде тарап кеткеннен кейін, қолданушылар видеоны белсенді талқылай бастады. Фильм жанкүйерлерінің көбі Джеймс Кэмеронның бұл нұсқаны таңдамағанына қуанып жатыр.

«Титаниктің» балама финалы күлкіні келтіреді. Бұл фильмді өлтірер еді», – деп жазды жанкүйерлердің бірі.

«Титаник» премьерасы 1997 жылы өтті. Таспа бюджеті – 200 миллион доллар. Картина прокаты бүкіл әлемде 1,8 миллиард доллардан аса қаражат жинап, кино тарихындағы ең көп ақша тапқан фильм ретінде рекорд орнатты.

Фильм 11 «Оскар» сыйлығына ие болды, оның ішінде жылдың үздік фильмі мен үздік режиссурасы үшін марапаттарға ие және тағы үш номинация бойынша үміткер ретінде ұсынылды. Сонымен қатар, таспа төрт «Алтын глобус» және бес «Грэмми» сыйлығын алды.

Тегтер: